Ақылды қала. «Ақылды» театр

nespi.kz

Бас қаладағы «Астана Опера» театры озық технологиялармен жабдықталған мәдени ошақтардың бірі.

Техникалық мүмкіндіктері жағынан әлемнің көптеген театрларынан асып түседі десек артық айтқандық емес. Театр қызметіне заманауи смарт жобалар енгізілген. Билет алу үшін кезекте тұруды қажет етпейтін smart ticket жобасы осыған дәлел. Сондай-ақ мұндағы сахна механизмдерінің кешені декарацияларды ауыстыру, сахнаны жылжыту тағы да басқа үдерістерді жүзеге асыруға көмектеседі. Кейбір қойылымдар 3D эффектілермен сахналанады. Көрермен орындарын қосымша қалай кеңейтетінін, тікелей эфирге шығу мүмкіндігі мен театрдағы өзге де жаңа инновацияны толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.