ШҚО-да археологиялық қазба жұмыстары жалғасады
Биыл Шығыс Қазақстанда археологиялық қазба жұмыстары барысында тау-кен игеру бойынша көне қоныстар көп зерттелмек.
Мұндай деректер әсіресе Ұлан ауданында жиі кездеседі. Мәселен, осыған дейін Ақбауыр тарихи ескерткіші маңынан сақ дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылса, енді ғалымдар Таврия ауылынан табылған қалайы шахтасының орнын зерделеуге кірісті. Жинақталған экспонаттардың барлығы аудандағы археологиялық музейге қойылып жатыр.
Ұлан ауданында Ақбауыр тарихи кешенінен табылған соңғы жәдігерлер – сақтардың отырықшы болып, металлургиямен, егіншілікпен айналысқанының нақты дәлелі. Мұнда 1,5 шақырымға созылған аумақта 20 ежелгі қоныс жатыр. Прото-қала нышанын беретін ол орынды зерттеу биыл да жалғасады. Ал табылған әр экспонат аудандағы музейге жіберіледі.
Археолог Зейнолла: «Самашев енді күзге дейін осы өлкеде болам», – дейді. Ақбауырмен қатар алдағы уақытта Таврия елді мекені маңынан табылған 3,5-4 мың жыл бұрынғы қалайы шахтасының орнын зерттемек.
Зейнолла Самашев, тарихшы-археолог:
- Ұлан ауданынан сондай ескерткіштер, көне заманның шахталары табылып, сол кездегі шахтерлердің қоныстары, орындары табылып, соны зерттеп жатырмыз. Екінші бағыт, 2-3 жыл болды, «ШҚО тарихи ескерткішінің жиынтығы» деген үлкен жұмысты шығарамыз ба деген ойменен археологиялық ескертшітерді ашу, құжаттандыру сиқяты мәселелермен айналысып жатырмыз.
Ғалым айтқан еңбекті елге жеткізу үшін облыстың әр түкпірінде, тау-тасында бүгіп жатқан тарихи деректер анықталуы тиіс. Әзірге Ұлан ауданындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Көнеден жеткен жәдігердің бәрі Бестеректегі осы музейге қойылған. Қазір қызметкерлер этнографиялық залды толықтырып жатыр.
Сәкен Ғайса, Бестерек музейінің директоры:
- Тас артефактар бар, сүйек қыш құмаралар, этнографиялық жиынтықтар бар, барлығын қосқанда 6 мыңнан асады. Өскеменнен көп бала келеді, бәрі мектептен жұма сайын 2-3 мәрте кеп тұрады.
Аймақтан шыққан ежелгі заттар жиынтығын зерттей келе, археологиялық очерк жазылады. Осыған сүйене отыра, облыстың көне және ортағасырлық тарихын жазу да ойда бар, – дейді археологтар.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов.