Талдыкөл тұрғындарын эвакуациялау басталды
Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды.
Бұл жайында Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады. Қазір елді мекенді су басу қаупі төніп тұр, – дейді мамандар. Ауылдағы ахуалды бізбен тікелей байланысқа қосылған Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев баяндайды.