Келіссөз. Қазақстан мультипликациясының жай-күйі қандай?

Кішкентай көрермендерге ұсынарымыз бар ма?

Бүгінде өскелең ұрпақ теледидарға телміріп, жат елдің мультфилімдерін тамашалайды. Бұл орайда отандық мультипликация неге кенже қалып отыр? Бізде маман да, мүмкіндік те бар. Олай болса салт-дәстүрімізді дәріптеп, бабаларымыздың батылдығы мен мейірімін насихаттайтын отандық мультфильм шығаруға не кедергі?

Бүгінгі бағдарлама қонақтары «Қазақфильм» АҚ жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі, анимациялық фильмдер режиссері Адай Әбілданов және әуесқой аниматор Алпамыс Батқаловпен осы тақырып төңірегінде сөз қозғамақпыз.