Президент Сингапурдың үшінші премьер-министрімен кездесті
Қазақстанның Азиядағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Сингапурмен ынтымақтастықты жоғары бағалаймын.
Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды 24KZ.
Оның сөзінше, жуырда ел басшылығының ауысқаны Сингапур үшін маңызды кезең болды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Ли Сянь Лунды Сингапурдың аға министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Президент ел басшылығының үшінші буыны Ли Куан Ю мұрасының озық үлгісін сақтап, дамытып келе жатқанына назар аударды. Өз кезегінде Ли Сянь Лун екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті.