Ақылды қала. Туберкулезді емдеудегі озық технологиялар

Уақытында анықталған туберкулез ауруы ойдағыдай айығып кетудің кепілі.

Бүгінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтардың денсаулығын жақсарту үшін түрлі шаралар қолға алынды. Нәтижесінде статистикалық мәліметтер де жақсарып келеді. Мәселен Астана қаласы бойынша туберкулез ауруына шалдыққан ересектер саны 12 пайызға, ал балалар саны 20 пайызға дейін төмендеген.

Қаржыландырудың оңтайлы шешілуінің арқасында медициналық-диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету біршама жақсарды. 2013 жылы бұл салаға жаңа экспресс әдісі енгізілді. Оның тиімділігі мен ерекшелігі неде? Жаңа қондырғыны өндіріске енгізу шығынды қысқартып, уақытты қаншалықты үнемдеуге мүмкіндік береді?

Туберкулез ауруын анықтау және емдеудегі өзге де жаңа қондырғылар мен құрылысы аяқталуға жақын Астанадағы жаңа тубдиспансердің мүмкіндіктері жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.