Транспорт және логистика. Ұшқыш болғың келе ме?

Балалық шақтың арманын жүзеге асырғыңыз келе ме? Бүгінгі шығарылымды біз елімізде осы бағытта жұмыс атқарып отырған авиациялық оқу орталығына арнаймыз.

2006 жылы Елбасының тапсырмасымен ашылған бұл орталықтың негізгі мақсаты мектеп жасындағы оқушыларды әуе саласындағы оқу орындарына дайындау. Ондағы мамандардың айтуы бойынша бүгінде бұл жерді тәмамдаған курсанттардың 70 пайызы әуе саласын таңдап, жоғары оқу орындарына түскен.

Орталық жеңіл кластағы заманауи ұшақтармен жабдықталған. Әуеде күрделі жаттығуларды орындайтын ұшақ та осы жерден табылады. Оның өзгелерден ерекшелігі неде? Жалпы мұнда қалай оқуға түсуге болады? Талаптар қандай? Еліміздегі кіші авиация орталығы жайлы толығырақ бағдарламада тарқатамыз.