Клиент үшін талас. Белсенді демалыс қызметі

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері Ирина Малютина мен өзге де ата-аналар бастауыш сыныпты аяқтаған балаларына қызықты демалыс ұйымдастыруды қалайды. Нарықта тимбилдинг деп аталатын бұл қызметтің құны қанша?

Ашық аспан астындағы табиғат аясында демалып, ұмытылмас әсер қалдыру ниетінде кейіпкеріміз осындай шараны ұйымдастыратын қаладағы бірнеше агенттікке қоңырау шалды. Бірақ олар ұсынған баға 300 мың мен 500 мыңның арасында болды. Бұл Ирина үшін тым қымбат ұсыныс. Арзан әрі көңілге қонымды бағада қызмет көрсететін компания тауып береді деген ниетпен ол біздің бағдарламаға хабарласты. Нәтижесін бірге көрейік.