Транспорт және логистика. Біржақты қозғалыс бағытына көшу

vk.com

Көлік кептелісін шешу бағытында Астана көшелеріне енгізілген бұл жобаның бүгінгі қарқыны қандай?

Астананың жол-көлік инфрақұрылымына қатысты тәжірибесі мамыр айында Әуезов және Желтоқсан көшелеріне енгізілді. Ол өз кезегінде бағдаршам нысандарын басқаруды оңтайландыру, жол-көлік оқиғаларының болу ықтималдығын азайту, қаладағы қоғамдық көліктің қозғалыс кестесінің сақталуына септігін тиігізбек. Бұл бірнеше кезеңнен тұратын жоба. Білікті мамандар қаланың барлық негізгі көшелеріне талдау жұмыстарын жүргізді. Олар жол бойындағы көліктің жүру интенсивтілігін өлшейтін арнайы құралдар пайдаланды. Нәтижесінде жоғарыда аталған көшелер таңдап алынды. Осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.