Ақша әлемі. Папуа-Жаңа Гвинеялық кина

kurs.rukivnogi.com

Папуа-Жаңа Гвинеяға ақша қатынасын отарлаушылар әкелді. Жергілікті байырғы тұрғындар бұған дейін бірнеше ғасыр бойы ауыл шаруашылығымен айналысты. Тайпалар арасында табиғи айырбас болды. Бұдан бөлек қолданыста ұлу қабыршақтары жүрді. Оны «кина» деп атады. Кейін дәл осы сөз ұлттық валютада көрініс тапты. Ал қазіргі қаржы әлемінде бұл ақша бірлігі жайында қандай ақпараттар бар?