Жетісу университетінің профессорлық құрамы Елбасы Жолдауын талқыға салды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы Елбасы Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолдарын жан-жақты талқылауда.

Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Алдағы уақытта еліміздің көпвекторлы ұстанымындағы ең басты бағыттардың бірі осы болмақ. Өйткені бүгінгідей заманда білім мен ғылымның, өндірістің өркендеуі инновациялық технологияларға негізделген. «Бұл шаралар өз кезегінде жаңа экономика қалыптастырып, оның барлық саласын кешенді түрде дамытуға тың серпін береді. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға бәріміз бір кісідей атсалысуымыз керек», - дейді университет ұстаздары.

Мұхтар Төлеген, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректорының аппарат басшысы:

- Ғылымды жоғары оқу орындары базасында, Назарбаев университетінің жанында және «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің жанында дамыту жайлы үлкен мәселе қойып отыр. Жалпы біздің І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымы бірауыздан бұл Жолдауды қолдайды. Әрине, бізде барлық жағдай жасалған. Оған қажетті білікті кадрларымыз жеткілікті. Ғылыми-техникалық зертханаларымыздың барлығы да дайын.