Павлодарда оқушы ұстазы мен сыныптасын пышақтады

Павлодар қаласында мектеп оқушысы ұстазы мен сыныптасын пышақтады, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция күдіктіні қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Ал зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тиісті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Полиция Павлодар қаласының мектеп оқушысын ұстады, ол сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.