Қызылордада 3 бала терезеден құлап кетті
Қызылордада бір күнде 3 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Қараусыз қалған 6 және 7 жастағы бүлдіршіндер үшінші қабаттан құлаған. Ал 3 жасар балғын бірінші қабат терезесінен төменге түсіп кеткен. Балалардың бірі ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылып, дереу операция жасалды. Қалған екеуі жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша осындай 7 жазатайым жағдай тіркеліп отыр.
Олжас Құрбанбаев, облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері:
- Реанимацияда жатқан бала түскен кезде өте ауыр жағдайда келді. Қазіргі таңда операциядан кейін ауыр жағдайда, бірқалыпты. Бөлімшеге жатқызылған науқастардың жағдайы да бірқалыпты ауыр.