Бес реформа белестері. Ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес

Ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысқа кіріскеніне 1 жылдан астам уақыт болды. Құрамында 18 мүшесі бар кеңес негізгі деген 4 бағытты таңдаған. Нақтырақ айтсақ, мониторинг жүргізу, сараптама жасау, түрлі деңгейдегі басшылардың есебін талқылау және қоғамдық тыңдау өткізеді.