Ақылды қала. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы

Осы жазда ақылды қаладағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылғанын білесіздер. Астана «EXPO-2017» көрмесінің қарсаңында ашылған жаңа терминал тек халықаралық рейстерге арналған. Ел ішінде сапарлайтындар ескі ғимарат арқылы тіркеуден өтеді. Жаңа терминалдың өткізу қабілеті жылына 5 млн адам. Ескі ғимараттың өткізу қабілеті 3 млн адам болатын.