Ақылды қала. Істен шыққан шамдарды қайта өңдеу

blog.vikiwat.com

Күн сайын қала тұрғындары 3 мыңға жуық құрамында сынабы бар істен шыққан электр шамдарын қайта өңдеуге жібереді екен.

Оларды Астана қаласындағы екі коммуналдық мекеме жинақтайды. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек соңғы 2 жылда 2 кг сынап қайта пайдаға жаратылған. Бұл көрсеткіш саны жағынан аз болғанымен, зияны өте жоғары. Бүгінгі шығарылымды біз осы шамдарды қайта өңдеу процесінің қалай жүзеге асырылатынына арнаймыз.