Шаңырақ. Қазақстандағы неміс диаспорасы

1941 жылдың 12 тамызында Ресейдің Волгоград, Саратов облыстарын мекен еткен неміс халқын жаппай көшіру туралы шешім қабылданды. Небәрі 2 жылда 1 209 430 неміс тұрғылықты жерлерінен күштеп көшіріледі. Оның 500 мыңға жуығы қазақ даласына келді. Бұл сан кейін 900 мыңға дейін өсіп, олар сол кездегі 12 облысқа бөлінді. Қайта құру кезінде Қазақстандағы неміс өкілдерінің басым бөлігі тарихи отандарына оралды. Алайда қазақ даласын қимай қалып қойғандар да аз емес. Лидия Гензенің де ата-анасы бір кездері Көкшетау маңындағы Қызылағаш ауылына Ресейдің Саратов өңірінен жер аударылып келген. Олар осында отбасын құрды. Қазақтың салт-дәстүрін бойында сіңіріп өскен Лидия Гензе мектепте жүріп домбыра үйренді. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де қара домбырасын қолынан тастаған емес. Қазақстандағы неміс диаспорасы жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.