Транспорт және логистика. Көліктік-логистикалық кешендер желісі

Әлемдік жүк айналымы нарығында Қазақстанның беделін нығайту үшін бірінші кезекте көліктік-логистикалық жүйені ретке қою керек. Бұл бағытта елімізде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі көліктік-логистикалық орталықтар желісі жүйесінің қызметі. Бүгін біз аумағы 210 гектар жерді алып жатқан Алматы қаласындағы индустриалды-логистикалық орталық жайын сөз етеміз.