Медина қаласын су басты
Қасиетті қала Мединаның көшелері көлге айналды.
Оған толассыз жауын себеп. Соның салдарынан шаһардың инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келген. Қазір билік өкілдері тұрғындарды мейлінше абай болуға шақырып жатыр.
Айта кетейік, Медина шөлді аймақта орналасқандықтан, дренаж жүйесі мүлдем қарастырылмаған.
Анкарада нөсер жауын құйды
Төпелеп жауған жаңбырдан Түркия астанасы Анкарада да тасқын жүрді. Соның салдарынан ғимараттарға су кірді. Бірнеше ауданда электр қуаты жоқ. Бұдан бөлек, қалада көлік қозғалысы қиындаған. Тасқын кесірінен қазір кей жолдар жабық тұр. Әзірге ауа райының қолайсыздығынан нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Жедел желіге бір тәулік ішінде 1500 қоңырау келіп түскен.