Елбасы 2020 жылға дейін транзиттік әлеуетті арттыруды тапсырды

Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. 

Осылай деген Елбасы бұл жолғы жолдауында Үкіметке 2020 жылға дейін транзиттік әлеуетті арттыруды тапсырды. Мәселен контейнерлік және әуе көлігімен жолаушылар тасымалын еселеу арқылы одан түсетін пайданы 4 миллиард долларға дейін жеткізу міндеттеліп отыр. Оның үстіне биыл елімізде республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

«Осы ретте көлік және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін көрші мемлекеттермен үйлесімді іс-қимыл қажет», - деді Президент. Сонымен қатар жүктердің еркін тасымалын көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғыртуға әкімшілік кедергілердің болмауы тиістігін де атап өтті. Мемлекет басшысы аталған бағыт аясында тұрғын үй құрылысына да ерекше екпін беру қажеттігін айтты. Жаңа бағдарлама арқылы әкімдіктер енді сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамытып, жеке құрылысқа қажетті тиісті жер телімдерін бөлуі тиіс. Оған қоса, алдағы 15 жылда 1 жарым миллион қазақстандықты баспанамен қамтуы қажет.