Реформа - мемлекеттік басқару жүйесінің эволюциясы

Билік елді басқарған жалғыз президенттен тұрмайды.

Ол мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерден, мұғалімдер мен дәрігерлерден тағы басқаларынан құралады. Яғни әр саланың тұтқасын ұстаған азаматтың бәрін билік өкілі деуге болады. Сондықтан биліктің халыққа қарай бет бұру үшін жасамақ қадамдарын кез-келген сәтте қолдауға дайынбыз, - дейді Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Қазақстан Президенті өте жақсы бастама көтеріп, бәріміз таң қалдырды. Біріншіден, ұсынылып отырған реформа мемлекетті алға жетелейді. Екіншіден, ол биліктің халық алдында жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпіліс бермек. Еуропа елдерінде халықтың сайлау кезіндегі белсенділігі сынға алынып жатады. Неге? Өйткені билік халыққа құлақ аспай жатады. Сондықтан Елбасы биліктің халықпен арасын жақындататын тағы бір қадам жасады деп ойлаймын.