Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу тиімді – сарапшылар

Бұл бастама Үкіметтің жауапкершілігін арттыра түседі.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының сарапшыларының ой-пікірі осыған саяды. Мамандар егер Конституцияға өзгерістер енгізілсе, 30-дан астам заңнамаға түзету жасалатынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа жолдауына қатысты пікір білдіріп, сандық технологияға басымдық берудің маңыздылығын тілге тиек етті.

Анар Есенгелдина, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры:

- Жолдауда 5 басымдық айтылған екен. Оған түбегейлі 5 басымдықты іске асыруда академияның қосар үлесі зор деп ойлаймын. Себебі академияда 5 басымдықтың біреуі – ол макроэкономикалық тұрақтылық. Сонымен бірге бағдарламалардың жаңа форматта болуы. Осы ретте академия жаңа бағдарламаларды іске асыра отырып, ауқымды түрде орындай алады деп ойлаймыз.

Зинаида Федотова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры:

- Елбасын ұсақ-түйек сұрақтармен мазалаудың қажеті жоқ. Оларды атқарушы билікке беру керек. Әрі Үкіметтің өкілеттігін кеңейту оның жауапкершілгін арттыра түседі. Көптеген мәселелердің шұғыл түрде шешілуіне ықпал етеді.