Қазақ тілінің әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді

Қазақ тілінің басымдығы сақталады.

Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Президент Жолдауындағы бұл сөздер оқытушылар қауымын қуантып отыр. Айта кетейін, Елбасы үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын. Себебі бүгінде ағылшын тілі жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі - деп айқындалған стратегиялық құжатта.

Қайырбек Кемеңгер, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доценті:

- Мемлекеттік тілдің басымдылығы, мемлекеттік тілдің дәрежесі жоғары тұруға тиіс деген сөзді Елбасы Жолдауында тағы да көрсеткен. Біз осыған қуанып отырмыз және оны толық қолдап отырмыз.