Атырау мұнай-газ университетіндегі 26 мамандықтың бесеуі ағылшын тілінде оқытылады

Атырау мұнай-газ университетіндегі 26 мамандықтың бесеуі ағылшын тілінде оқытылады.

Бұл халықаралық деңгейдегі үздік бағдарламаларды тәжірибеге енгізудің нәтижесі. Үштілділік жүйесіне университет кезең-кезеңімен көшіріледі. Ал өткен жыл ішінде оқытушылардың дені АҚШ, Еуропа, ТМД еліндегі жоғары білім ордаларында біліктіліктерін жетілдіріп келді. Бұл бағдарламалар өз ісін жетік білетін маман дайындауға негіз болады дейді, - университет ректоры Әли Әжімұлы.

Әли Әбішев, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, э.ғ.д.:

- Біздің студент жастарымыз тек қана аудитория, дәрісханаларда емес өндіріске барып еңбек істеп жатыр. Осындай кәсіби-техникалық білім алу қазіргі жаңа экономиканың негізін құрайды. Екіншіден, әрине қазіргі уақытта жаңа бағдарламалар инновациялық түрде болуы керек. Осы бағыт бойынша белгілі, үздік шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. 75 халықаралық деңгейдегі серіктесіміз бар. Солармен бірге біз қазір жаңа оқу бағдарламарын іске асырып жатырмыз.