Елбасының Жолдауы жайлы шаруалар пікір білдірді

Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға ұлғайту керек.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Жолдауында қазақстандық тауар өндірушілердің алдына осындай міндет қойды. Ол үшін өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру қажет. Бұл ретте ауыл-аймақтарда кооператив құру маңызды.

Қанат Бекенов, фермер:

- Елбасы биылғы жылғы өз Жолдауында 500 мыңнан артық жеке үй шаруашылығы мен кіші фермерлерді кооперативке тартуды ұсынды. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығы өнімін сапасын көтеруге және де табыс көзін көтеруге өте мол ықпал жасайды.