Жолдау әлеуметтік саланы дамытуға тың серпін береді

Жолдауға қолдау көрсеткен Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің мүшелерінің сенімі осындай.

Атап айтсақ, құжатта арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыту, ауыл мен қала арасында инфрақұрылымды жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын реттеу сынды маңызды жайттар қамтылған. Сондай-ақ зейнетақыны өсіру де ескерілген.

Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:

- Осы жылы зейнетақының 20%-ға өсетінін жиі-жиі еске алып отыр. Одан кейін 2018 жылы базалық зейнетақының өсуі туралы. Бұл да біздің ардагерлеріміз ерекше назар аударып отырған мәселелердің бірі.