Ш.Акинер: Жолдау тереңінен ойластырылған және жаһандық бәсекелестікке төтеп беруге дайын

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының іске асырылуы жаңа өндіріс мамандарын даярлаудағы уақытында жасалған әрекет.

Кембридж университетінің аға қызметкері Ширин Акинер Жолдауда көрсетілген бастаманы қолдайды. «Бұл жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, техникалық салаға сапалы кадрлар тартуға оң ықпалын тигізеді», - дейді ол. Сондай-ақ Акинердің пайымдауынша, жоғары білім беру сапасына айрықша көңіл бөлу арқылы Қазақстан университеттері әлемнің беделді оқу орындары арасында бәсекеге қабілетті бола түседі.

Ширин Акинер, Кембридж университетінің аға қызметкері:

- Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы үлкен маңызға ие. Бұл жай реформа емес, жүйелі реформа. Ол тереңінен ойластырылған және жаһандық бәсекелестікке төтеп беруге дайын. Президент Назарбаев Жолдауының негізгі түйіні әлеуметтік мәселелерде. Бұл халықтың назардан тыс қалып қоймағанын көрсетеді. Жолдауда білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Бұл оның дамуына деген жаңа серпін береді деп ойлаймын.