Мәжіліс төрағасының Қытайға ресми сапары
Жақын арада «Аягөз-Тачэн» үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы басталады.
Ол Қытайдың Орталық Азияға қақпасы ретіндегі рөлін нығайтады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Қытайға сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына барып, Қытай коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті. Тараптар жан-жақты, әсіресе өңіраралық ынтымақтастық мәселесін талқылады. Жиын барысында екі ел депутаттарының өзара келісімдерінің орындалу сапасы да сөз болды. Кездесуде тараптар көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық су ресурстары мен туризмдегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Мұнан соң Ерлан Қошанов, Қытайдағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші компанияның қызметімен танысты.