Сарапшы: Жолдауда Қазақстанның алдағы бағыт-бағдары айқын белгіленген

Қазақстан әлеуетін нақты бағалау Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді сәтті жүзеге асыру кепілі, - деп есептейді Киев бизнес және технология институтының ректоры Елена Яковлева.

Оның айтуынша, құжатта Қазақстанның алдағы бағыт-бағдары айқын белгіленген.

Елена Яковлева, Киев  бизнес және технология институтының ректоры:

- «Қазақстан - бертінгі тарихи кезеңде индустриалды ел ретінде қалыптасқан зор әлеуеті бар ірі мемлекет. Елдің индустриалды үлгіде дамуы бағдарламаны жүзеге асыру барысында әлемдегі жетекші 30 елдің қатарына кіру мақсатын орындауға өз септігін тигізері сөзсіз. Жолдауда нұсқалған негізгі бағыт-бағдар мен іс-шаралар, атап айтқанда еңбек нарығын қайта даярлау, адами әлеуетті арттыруға басымдық беру елдің дамуына тың серпін берері анық.