Неміс сарапшысы Елбасы жолдауының маңыздылығын атап өтті

Қазақстанның үшінші модернизациясын Германия да талқылап жатыр.

Азия елдерінің сарапшысы Биргит Ветцель арнамызға берген сұхбатында Елбасымыздың қазіргі жолдауының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Президенттің алға қойған талаптары елді заман талабына сай болуға жетелейді.

Биргит Ветцель, Азия елдері бойынша сарапшы:

- Мен Қазақстандағы өзгерістерді бақылап отырамын. Елбасы өз жолдауында жаңашыл экономикаға, шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетуге баса назар аударды. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның өркендеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ Елбасы білім саласындағы өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Менің ойымша, Қазақстандағы реформаларды жүзеге асыруда Еуроодақ секілді Германияның да септігі тиеді деген пікірдемін.