Сенатор Өскемендегі арнайы конструкторлық-техникалық бюроның жұмысына жоғары баға берді

Тау-кен саласын жетілдіру – заман талабы.

Сенат депутаты Сергей Плотников Өскемендегі арнайы конструкторлық-техникалық бюроның жұмысымен танысып, жоғары баға берді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған нысан өңірдегі алпауыт өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыста. Бюроның жаңа технологиялық үдерістерді енгізудегі жетістіктері жетерлік. Бір ғана 3D принтердің көмегімен кен игеру мен өндіруге аса қажетті құрал-жабдықтар қолжетімді бола бастаған. 

Сергей Плотников, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бюроның әлеуеті жоғары. Әрине, әрі қарай жетілдіру керек. Білікті мамандар тарту қажет. Бастысы, тәжірибе көрсеткендей, сұраныс бар. Ендігі мақсат – облыс аумағымен шектелмей, өзге өңірлерге де қанат жаю. Біздің тарапымыздан қолдау болады.