Шетелдік сарапшы конституциялық реформа туралы өз ойымен бөлісті

Ұлыбритания Либералды-Демократиялық партиясының мүшесі Джонатан Фрайердің пайымдауынша, конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстан әлемдік саяси реформалар стандарттары бойынша дамиды.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу мәселесін көтеру арқылы өзінің алысты болжай алатын сарабдал саясаткер екенін тағы да танытты. Сондай-ақ бұл – ауқымды және стратегиялық ойлай білудің жемісі», - дейді Фрайер.

Джонатан Фрайер, Ұлыбритания Либералды-Демократиялық партиясының мүшесі:

- Әлбетте, соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанда мемлекет дамуы мен реформаларды басқаруда Президент билігінің үстемдігі жоғары болды. Бірақ уақыт өте келе, жаңа өзгерістер пайда болды. Президент өз үндеуінде демократизацияланған және әртүрлі партия мен Үкімет өздігінше шешім қабылдай алатын жаңа жүйеге көшетін кез келгендігін айтты. Назарбаев ел болашағы туралы ойлайды, және Батыс елдері мұны құптайды. Олар Қазақстанды пісіп жетілген ел ретінде қабылдайды.