Көлік логистикасы саласын дамытуға 417 млрд теңге бөлінеді

Vodila.net

Қазақстанда әуе тасымалы көлемін 4 есеге, транзиттік жүк тасымалынан түсетін кірісті 5,56 есеге арттыру көзделіп отыр. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алға осындай міндет қойды. Бұл мақсатқа 2017 жылы бюджеттен 417 млрд теңге бөлінбек. Сарапшылар есебінше, транзиттік жүк тасымалынан түсетін табыс жылына 4 млрд АҚШ долларына жетуі тиіс. Осындай маңызды істі атқару жайын жан-жақты талқылау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ахан Бижанов бүгін Алматы әуежайы ұжымымен кездесті. Ол авиация саласы қызметкерлеріне биылғы Жолдаудағы басқа да атқарылар міндеттерді түсіндірді.   

Ахан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл құжаттардың біздің мемлекетімізді демократияландыру процестерін одан әрі дамыту біздің экономикамыздың қарқынды дамуына үлкен бір жол ашып отыр. Біздің келешектегі құжатымызда оның бәрі ескеріледі деген ойым бар.