ҚХА: Елбасы Жолдауындағы саяси жүйені жаңғыртуға өз үлесімізді қосуымыз керек

Қазақстан ұлт пен ұлысты ұйытып, бейбітшілік пен келісімнің бой тұмарына айналған бірегей ел.

Бұл ретте біз Елбасы Жолдауындағы саяси жүйені жаңғыртуға өз үлесімізді қосуымыз тиіс. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдары мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерінің бас қосуында этно-мәдени бірлестік өкілдері осылай деп өз ойларын ортаға салды. Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті артырып қана қоймай әлеуметтің әлеуетін арттыруға пәрмен береді дейді олар.  Рет-ретімен жүзеге асып жатқан реформаларда жүйелі жүзеге асырсақ  озық отыз елмен тереземіз теңеседі. Осыған орай еліміз үшін маңызы мен мазмұны зор бұл құжатқа Қазақстанның әр азаматы  мұқият мән беру шарт дейді жастар.

Мұхаммеджан Болысбек, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы:

- Биылғы Жолдаудың Қазақстанның дамуына маңызы өте зор. Жолдауда 5 басым бөлік көрсетілген. Барлық бес басымдық тікелей жастарға қатысты. Себебі жастар ертеңгі білікті маман ертеңгі қоғамымыздың дамушы күші болып табылады. Жолдаудың ішінде адами капитал сапасын көтеруге үлкен мән берілген. Сонымен қатар ұлттық экономикаға бәсекеге қабілеттілігі, көлік-логистика кешенінің дамуы сонымен қатар агрокешеніне мән берілген.

Шерзод Пулатов, ҚХА Өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

- Елбасымыздың Жолдауы тек қана жай құжат емес, ол нағыз жұмыс істейтін керекті құжат. Неге десеңіз, әрбір Жолдаудан кейін нақты әрекеттер болады. Бұның барлығы еліміздің жоғары деңгейі мен мәртебесін арттыру үшін жасалып отыр.