Билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу – уақыт талабы

25 жыл ішінде Қазақстан қарыштап дамыған еңселі елге айналды.

Енді жаңғыртудың үшінші кезеңіне қадам басты. Елбасы биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Бүгін бұл мәселе «Қазақстан демократиялық жаңару белесінде» тақырыбында өткен республикалық конференцияда талқыланды. Ұлттық музейде өткен жиынға танымал қоғам қайраткердері мен саясаттанушы ғалымдар қатысты.

Билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу және Ата заңға өзгеріс енгізу – уақыт талабы. Біз де замана көшінен қалмауымыз керек. Бұл жаңашылдық елімізді экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан ғана дамытып қоймайды. Сонымен қатар, саяси жаңғыртудың жолына бастайды, деп пікір білдірді жиынға қатысушылар.

Талдыбек Нұрпейіс, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Халық мүддесін билікте отырғандар таңдайтын жағдайға жеттік. Басқа да үлкен мемлекеттерде парламент пен президент арасындағы осындай байланыс жаңа саяси дамуға бастап жатыр.