Елбасының 2020 жылға дейінгі тапсырмасына латвиялықтар үлкен қызығушылық білдірді

Латвиялықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың «2020 жылға дейін транзиттік тасымалдың жылдық көлемін арттыру керек» деген тапсырмасына үлкен қызығушылық білдірді.

Сарапшылардың ойынша бұл бастама қос мемлекет арасындағы сауда-саттық пен экономикалық ынтымақтастыққа серпін береді.

Максим Толстой, Рига думасының депутаты:

- Біз көп жұмыс істеуіміз керек. Президент айтқандықтан, оның тапсырмасын орындауға мемлекет бар күшін салатынын түсінемін. Жеті есе арттыру деген өте үлкен мөлшер. Ақшалай эквиваленті де айтылды – 5,5 млрд доллар. Бұл өте көп ақша, тасымал Латвия арқылы өтетіндіктен, бұл жұмысқа біз де міндетті түрде қатысуымыз керек. Оны жақсы жағдай туғыза отырып, екі жақ үшін тиімді етіп, контейнерлерді толтырып, жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау арқылы жүзеге асырамыз. Казақстан Президенті сөздерінің жүзеге асуын осылай көреміз. Латвия транзиттік мемлекет болғандықтан, біз үшін ол өте маңызды.