Конституциялық реформаны талқылау 26 ақпанға дейін жалғасады

Конституциялық реформаны талқылау 26 ақпанға дейін жалғасады.

Қазір аталған заңға қатысты республиканың барлық аймақтарында қызу талқылау жүріп жатыр. Қоғамның саяси өміріндегі елеулі мәселеге байланысты Алматыда бас қосқан академиктер мен кәсіпкерлер өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. «Негізінен билікті үлестіру және экономиканы ғаламдық бәсекеге қабілетті ету көптің көңілін аударып отыр. Өйткені жаңа басқару жүйесі ел экономикасын дамытуға сеп болуы керек», - дейді ғалымдар.

Әлипаша Караев, Каспий университетінің профессоры:

- Қазақстанда түрлі инвестициялық жобалар бар. Кәсіпкерлер қалаған саласына қаржы салып, табыс тапқысы келеді. Сондай-ақ мүліктерін де түрлі жағдайдан қорғағысы келеді. Сондықтан Конституциялық заң тұрғындар үшін тиімді болуы керек.