ҚР Президенті жолдауын Латвия сарапшылыры жоғары бағалады

Қазақстан Президенті жолдауындағы экономикалық даму мен қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мәселесін Латвия сарапшылары жоғары бағалады.

Мамандар қос мемлекет, ақпараттық технология, инновация, өнеркәсіп пен энергетика, логистика және транзит салаларында ынтымақтастықты бекемдеу керек деп есептейді.

Марис Краутманис, публицист:

- Қазір бәсекеге қабілетті болу үшін мүмкіндігінше жаңа технологияны пайдалану керек. Мұны Қазақстан жақсы біледі. Бүгінде қазақ елі қарқынды дамып жатыр. Сондықтан біздің тарапымыздан екі ел арасындағы бизнес байланысты нығайтуға ниет бар. Әсіресе, Қытай, Қазақстан, Ресей арқылы өтетін «Жаңа жібек жолы» жобасы аясында бірлесіп жұмыс істесек, Латвия арқылы Еуропаға жүк тасымалын жандандыруға болады. Сондықтан Қазақстан мемлекетімен ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз.