Ә.Құсайынов: Конституциялық реформаны ел-жұрт қолдайды

Еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына кәсіподақ ұйымдары да қолдау білдіріп жатыр.

Республика бойынша 200-ге тарта облыстық, 18 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Барлығы да Парламенттің рөлін арттырып, Үкімет пен жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейтуге қатысты ұсыныстарға толық сенім білдіреді. Саяси жүйені одан әрі демокартияландыру жаңғырту жолына бастайды деген пікірде. Бұл туралы Кәсіподақ федерациясы атқару комитеті жиынының екінші отырысында айтылды. Ұйым осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетелік, елімізде 2 млн 200 мың адам кәсіподаққа мүше.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Қызу жүріп жатқан конституциялық реформаны ел-жұрт қызу қолдайды. Оған бастауыш ұйымдармен өткен жиындарда көз жетті. Қазіргі таңда заманға сай күшті Үкімет болуы керек. Заманға сай Парламент болуы керек. Оған деген халықтың пікірі оң. Бұл жұмыс одан әрі қарай жалғасын алады.