Елбасы жолдауы шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін береді

Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер осындай пікірде.

Майра Салықова, «Медиа-Систем групп» директорлар кеңесінің төрағасы:

- Жолдау аясында ең алдымен отбасылық бизнесті дамытуға мүмкіндік мол. Мәселен тұрғындарды кәсіпкерлікке ден қоюға шақырады. Біріншіден, кедергілер азаяды. Оның ішінде салық мәселесі де бар. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл меже біз үшін, кемел келешек үшін аса маңызды.