Қытайлық сарапшы Президент Жолдауы туралы өз ойын ортаға салды

Бүгінде Қазақстан батыс пен шығысты байланыстыратын көпір ғана емес, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елге айналды.

Қазақ елінің осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып, инфрақұрылымды дамытуға, экспортта агроөнімдер үлесін арттырып, білікті мамандар дайындауға басымдық бере бастағанын байқадым. Президент Жолдауымен танысқан қытайлық сарапшы осылай дейді.

Дин Сяосинь, xалықаралық мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары:

- Қазақстан – әрқашан өзіне мақсат қоя білетін және сол мұратына жету үшін тер төгетін ел. Бүгінде экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне аяқ басқанын көріп отырмыз. Бұған дейін Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып, экономикалық өрлеуді басты бағдар етіп алса, енді әлемдік нарықты бағындыруға, соған лайықты ауқымды жүйе қалыптастыруға талпынысын байқаймын. Жолдау Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктерін ескере отырып, ұқыптылықпен дайындалған.