Президент мұрағаты соңғы үш жылда цифрлық құжатнамаға ауысқан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауындағы бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Осы бастама аясында жұмыс істейтін бірден бір мекеме – Президент мұрағаты. Соңғы үш жылда мұрағат цифрлық құжатнамаға ауысқан. Бүгінге дейін 42 мың ескі құжат цифрлық жүйеге көшірілген. «Басты мақсат – тарихи құжаттардың ғұмырын ұзарту. Өйткені шаң басқан қағаздар жыл сайын ескіріп барады. Ал цифрлық жүйенің ғұмыры шексіз», - дейді Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының сарапшысы.

Айгерім Сыдықова, ҚР Президенті мұрағатының сарапшысы:

- Президент өз Жолдауында цифрлық Қазақстан туралы айтты. Яғни еліміздегі тарихи немесе басқа да құжаттар заман талабына сай болуы керек. Біз осы салада соңғы үш жылдан бері жұмыс істеп жатырмыз. Қағаз құжаттар электронды жүйеге көшіріліп жатыр.