Сарапшы: Қазақстандағы Конституциялық реформа уақытылы қолға алынды

Қазақстандағы конституциялық реформа қоғамның өзгерістерге дайын болған кезінде уақытылы қолға алынды, - дейді халықаралық мәселелер бойынша украиндық сарапшы Андрей Бузаров.

Сарапшы билік тармағы арасында өкілеттіліктерді бөліп, тарату - демократиялану процесінің ажырамас бөлігі, - деп баса айтты.

Андрей Бузаров, халықаралық және құқықтық мәселелер бойынша сарапшы:

- Бұл посткеңестік кеңістіктегі елдердің бәрінде жүріп жатқан ортақ демократиялық процесс. Ерте ме, кеш пе бәрі де осы жолға түсуі керек. Назарбаевтың бастамасы, біріншіден, елдің саяси жүйесін Франция, АҚШ және басқа да күшті президенттік басқару жүйесін ұстанған елдерге тән президенттік мемлекеттің моделіне сәйкестендіруді көздейді. Екінші мақсаты - билікті атқарушы, заң шығарушы және соттық деп үш тармаққа бөлу. Билікте тоқырау немесе тұралау болмас үшін президент осындай қадамдарға барды. Бұл Қазақстан қоғамының демократияланып жатқанын айқындай түсетін құбылыс.