Агросектор. Орта-Азиялық агротехнологиялық саммит

Алматыда өткен бұл саммит ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа инновациялық идеялар мен өзекті мәселелерді көтерген алаңға айналды. Оған АҚШ, Малайзия мен Болгарияның агротехнология саласында еңбек етіп жүрген ғалымдары қатысты. Шетелдік қонақтар білім беру ұйымдарының, ғылым, бизнес өкілдері мен фермерлерді бір жерге жинаған ерекше форматтағы іс-шараға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті.