БҚО-ның бес ауданында 456 баспана салынады

Батыс Қазақстан облысының Теректі, Қаратөбе, Сырым, Бәйтерек және Бөрлі аудандарында 456 үй су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз болып қалған.

Бүлінген үйлердің орнына жаңасы салынады. Мыңнан астам үйге жөндеу жасалады. Бұл аудандардағы ахуал. Ал облыс орталығында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Күні бүгінге 8 мыңнан астам саяжай иесінен өтініш түскен. Тұрғындардың талап-арызын қарау барысында 2 мың адамның саяжайы жалғыз баспанасы екені анықталған. Жалпы облыс бюджетінен төтенше жағдай зардаптарын жоюға қосымша 2 млрд теңге қаралған. Жеті мыңға жуық отбасы жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгенің бір жолғы әлеуметтік көмегін алған.

Тілепберген Қаюпов, облыс әкімінің орынбасары:

- 3,5 млрд теңге жұмсалған қаражат. 187 млн теңге мал шығындарына жұмсадық. 287 млн қаражат тасқын кезінде үзілген, жанып кеткен трансформатор, электр желілеріне жұмсадық. Және 3 млрд теңгені бұл жаңа айтқан шұғыл түрде 100 айлық есептік көрсеткіш беруге қала бюджетіне отырғыздық.