Оңтүстіктен қоныс аударушыларға қатысты қаржыны жымқыру анықталды

Павлодар облысының прокурорлары оңтүстіктен қоныс аударушыларға берілетін қаржыны жымқырудың тұтастай схемасын анықтады.

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес оңтүстіктен көшіп келгендердің баспанаға жұмсаған қаржысының 50 проценті өтелуі тіис. Бірақ жергілікті мансап орталықтары қитұрқы әрекетке барып, үйді қасақана қымбатқа сатып алып келген. Кей аудандарда 500 мың теңгеден басталатын қараусыз үй 8 миллион теңгеге бағаланған. Осылайша мемлекетке 600 миллион теңге шығын келгені белгілі болды.

Асхат Әтікеев, облыс прокурорының көмекшісі:

- Кейбір жерлерде оңтүстіктен келген адамдар мүлдем осы біздің өңірге келмеген болатынын анықтадық. Олар тек қана формальды түрде олардың құжаттары атынан осы мансап орталықтары осы бюджет қаражаттарын жымқырған болатын. Прокуратура тексеру материалдарын ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.