Ұзынсонар кезек, сапасыз қызмет: МӘМС қызығын қашан көреміз?
Халықпен кездесуде жиі айтылатын үш мәселенің бірі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жайы. Ем-шараның кей түрін апталап, тіпті айлап күтетіндеріне наразы. Сол аралықта қай жеріңнің ауырғанын ұмытып үлгересің, немесе дертің асқынып, бой бермей бара жатса ақылы емхананы жағалағаннан басқа шара жоқ.