Астанаға адам кіргізбей ме? Бас жоспардағы шикіліктерге кімдердің қатысы бар?
Астанада аттап бассаң, алдыңнан шығатын проблема - бейберекет құрылыс, ауланың тығыздығы. Кей аудандарда мектеп, медициналық орталықтың жетіспеушілігі, оған қоса кептеліс... Соңғы уақытта әр қуыста ыбырсып жататын қоқыс мәселесі қосылды. Қысқасы саусақпен санап бітпейсің.