Құлсары жұртының жанайқайы. Атырауға үлкен су келе жатыр
Құлсары. Үміт пен күдік арпалысқан 28-ші тәулік. Қаладағы тіршілік бірте-бірте қалыпқа келе бастағандай. Шаһардың әр бұрышында су сорғу жұмыстары, дезинфекциялау, қала берді көшелерді қоқыстардан тазалап, қыбырлап жүргендерді көзіміз шалды. Мұның барлығы көңілге медеу дегенмен, бұқараның бар базынасы тезірек бұрынғы бейқам өмірлеріне оралу.