БҰҰ төрағасы мен 15 мемлекет басшысы Астанада бас қосады
Шартарап көз тіккен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының дәстүрге айналған саммиті Қазақстанда өтеді. 3-4 шілде күндері Біріккен Ұлттар Ұйымының төрағасы мен 15 мемлекет басшысы бас қалада бас қосады. Бастапқыда «Шанхай бестігі», кейіннен «үлкен сегіздік» болып бірікті, енді Еуразия кеңістігіндегі еңселі ондыққа айналатын күн жақын. Бірер күнде ұйымға мүше және бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерді талқыға салады.